Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 КО) келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады.
Ахмедов өзінің Instagram парақшасында:
«Ақпанда көрісеміз» 🇺🇸
деп жазып, келесі айқасын АҚШ-та өткізуі мүмкін екенін меңзеді.
Еске салсақ, 27 жастағы Түркістан облысының боксшысы қараша айында Эдгардо Веласкеспен (16-2, 16 КО) болатын жекпе-жегін өткізбей қалған еді.
Соңғы кездесуін Ахмедов 2025 жылдың сәуірінде мексикалық Элиас Эспадаспен (23-7-1, 16 КО) өткізіп, жекпе-жекті тең есеппен аяқтаған.
