Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарКүрес

Сенсация! Қазақ балуаны әйгілі Олимпиада чемпионын жеңіп кетті

ҰОК

Сауд Арабиясында өтіп жатқан Ислам Ынтымақтастығы ойындарында еркін күрес бәсекелері жоғары деңгейде жалғасуда. Жартылай финалда 97 келі салмақ дәрежесінде белдескен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан сенсациялық жеңіске қол жеткізді.

Отандасымыз Париж Олимпиадасының чемпионы әрі әлем чемпионы Ахмед Тажудиновты (Бахрейн) 15:3 есебімен айқын жеңіп, финалға жолдама алды. Белдесу барысында Ризабек техникалық және тактикалық басымдығын толық көрсете отырып, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады.

Енді Ризабек Айтмұхан Ислам Ынтымақтастығы ойындарының алтын жүлдесі үшін Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, Иран балуаны Амир Али Азарпирамен күресетін болады.

Ұқсас жаңалықтар

Сүйінші: Қазақ теннисші әлемдік рейтингіде 12-орынға көтерілді

Redaktor

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Redaktor

Александр Бублик «Уимблдон» турнирінің келесі кезеңіне өтті

Redaktor

Пікір жазу