Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарТеннис

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасының теннисшісі Елена Рыбакина Эр-Риядта(Сауд Арабиясы) болып жатқан WTA қорытынды турнирінде үшінші матчын өткізді.

Ол әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға (Беларусь) қарсы ойнап, үш сетке созылған кездесуде 6:4, 3:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл матч турнирдің топтық кезеңі аясында өтті. Бұған дейін Рыбакина алғашқы екі ойында италиялық Жасмин Паолиниге және қытайлық Чжан Цинвэнге есе жіберді. Ал, Соболенкоға қарсы кездесудің алдында Елена жартылай финалға шығу мүмкіндігінен айырылып қалған еді, сондықтан бұл ойын оның турнирлік жағдайына әсер етпейді.

Ұқсас жаңалықтар

Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасында тағы бір тарихи нәтиже тіркеді

Redaktor

Елена Рыбакинаның WTA қорытынды турниріндегі қарсыластары белгілі болды

Redaktor

Асланбек Шымбергенов: Олимпиада алтынын алуға бар күшімді саламын

Redaktor