Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Тайсон Фьюридің промоутері екі өзбек боксшысымен келісімшартқа отырып, қазақтармен жұдырықтастырмақ

zamin.uz

Quensberry компаниясының басшысы Фрэнк Уоррен алғаш рет Орталық Азия нарығына кіріп, бірден екі өзбек боксшысымен келісімшартқа отырғанын жариялады.

Біріншісі – 2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы (71 кг), екі дүркін әлем чемпионы (2023, 2025) 26 жастағы Асадхуджа Муйдинхуджаев. Екіншісі – жастар мен ересектер арасындағы әлем және Азия чемпионы 20 жастағы Жавохир Умматалиев.

Quensberry компаниясы бұл екі спортшының болашақта титулдарды жеңіп, кәсіби бокстың жұлдыздарына айналу әлеуеті бар деп санайды.

Екеуі де кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жектерін 28 қарашада Челябіде өтетін бокс кешінде өткізеді. Муйдинхуджаев 26 жастағы отандасымыз Айдос Тастаевпен (8-7, 2 КО), ал Умматалиев 31 жастағы әзірбайжандық Рахим Алиевпен (3-0, 3 КО) жұдырықтасады.

Келесі жылы Муйдинхуджаев пен Умматалиев Ұлыбританияда өнер көрсетеді. Қазіргі уақытта Асадхуджа жартылай жеңіл салмақта (66,6 кг), ал Жавохир жартылай ауыр салмақта (79,3 кг) рингке шығады. Дегенмен тәжірибе көрсеткендей, бұрынғы әуесқой боксшылар уақыт өте келе салмақ дәрежесін төмендетуі мүмкін.

Фрэнк Уоррен қазіргі уақытта Сауд Арабиясымен белсенді жұмыс істеп, басты активі – Тайсон Фьюриге жетекшілік етеді. Сондай-ақ ол Фабио Уордли, Агит Кабайел, Хамза Шираз және басқа да боксшылармен жұмыс істейді. Бұрынғы уақытта ол Насим Хаммед, Рикки Хаттон, Джо Кальзаге және Амир Ханның кәсіби жолын ұйымдастырған.

Ұқсас жаңалықтар

Сүйінші! Сұп-сұлу қазақ қызы 12 дүркін әлем чемпионы атанды!

Redaktor

IBA Әлем чемпионатына қатысатын жұлдызды боксшылар тізімін жариялады

Redaktor

Әли Әлиев Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

Redaktor

Пікір жазу