Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

2026 жылғы «Алтын допқа» үміткерлер тізімі жарияланды: Месси бар, Роналду жоқ

Фото: Pascal Le Segretain/Getty Images

Танымал talkSPORT порталы 2026 жылғы «Алтын доп» сыйлығына үміткер футболшылардың тізімін жариялады. Мамандардың пікірінше, басты фавориттер қатарында мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе мен «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Ламин Ямаль бар.

Үштікті Англия құрамасының капитаны әрі «Бавария» шабуылшысы Харри Кейн қорытындылайды. Топ-5 қатарында «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд пен «Арсеналдың» әмбебап жартылай қорғаушысы Деклан Райс бар.

Сонымен қатар «Пари Сен-Жерменнің» жартылай қорғаушысы Усман Дембеле 6-орынға жайғасқан. Ал жеті мәрте «Алтын доп» жеңіп алған аргентиналық Лионель Месси 8-орынға шықты.

2026 жылғы «Алтын доп» рейтингінің үздік 9 фавориті:

  1. Ламин Ямаль («Барселона») / Килиан Мбаппе («Реал»)

  2. Харри Кейн («Бавария»)

  3. Эрлинг Холанд («Манчестер Сити»)

  4. Деклан Райс («Арсенал»)

  5. Усман Дембеле (ПСЖ)

  6. Лионель Месси («Интер Майами») / Витинья (ПСЖ)

  7. Майкл Олисе («Бавария»)

Жеңімпаз 2026 жылғы тамыздың соңында немесе қыркүйектің басында анықталып, марапаттау рәсімі сол жылдың күзінде Париждегі Шатле театрында өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Үш команда 7 ұпайдан жинады

Redaktor

Дастан Сәтпаев «Қайраттың» Абу-Дабидегі алғашқы жиынына қатыспайды

Redaktor

Ақтауда дзюдодан Азия Кубогі өтеді

Redaktor

Пікір жазу