Beksports спорт порталы
Басқа спорт түрлеріБасты ақпаратЖаңалықтар

Ауылдан шыққан 15 жастағы қыз үшінші рет ел чемпион атанды

ҰОК

Ауыр атлетикадан Астанада өткен әйелдер арасындағы ел чемпионатында Алматы облысының спортшысы Ксения Прозорова 63 келі салмақта үшінші жыл қатарынан топ жарды. Екі жаттығу қорытындысы бойынша Ксения 200 келі (90+110) зілтемірді көтерді.

Екінші орынды Нұрсила Берікбол (Ұлытау облысы) алса, қола жүлдеге Дарья Балабаюк (Қарағанды облысы) ие болды. Айта кетерлігі, Ксения әлі де туған ауылында тұрып, жаттығуларын сол жерде жалғастырып отыр.

Ксения Прозорованың негізгі жетістіктері:

  • Ересектер арасында үш дүркін Қазақстан чемпионы (2024, 2025)

  • 17 жасқа дейінгі Орталық Азия чемпионаты жеңімпазы (2024)

  • VI Республикалық жасөспірімдер ойындарының чемпионы (2025)

  • Әлем чемпионатының жасөспірімдер арасындағы жеңімпазы (2025)

  • Азия чемпионатының жасөспірімдер мен юниорлар арасындағы жеңімпазы және күміс жүлдегері (2025)

  • Жасөспірімдер Азия ойындарының күміс жүлдегері (2025)

Ксения халықаралық дәрежедегі Қазақстанның спорт шебері атағына ие және елдегі бірнеше рекордты жаңартқан.

Ұқсас жаңалықтар

World Boxing: Өзбекстан бокста Қазақстаннан басымдық танытып отыр

Redaktor

Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз туралы сынға жауап берді: «Оның аяқ-қолын ешкім байлап отырған жоқ»

Redaktor

Михаил Кукушкин Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты

Redaktor