Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Тарихи жетістік: Қазақстан теннистен әлемнің ТОП-6 елінің қатарына енді

ҰОК

Қазақстан 2025 жылды әлемнің ең мықты теннис елдерінің қатарында аяқтап, ATP және WTA рейтингтерінде ТОП-6 құрамына енді. Бұл тарихи жетістікке Елена Рыбакина мен Александр Бубликтің сәтті өнер көрсетуі елеулі ықпал етті.

Жеке сында ең көп титул жеңген мемлекеттер қатарына Италия, Испания, АҚШ, Ресей, Канада және Қазақстан кірді. Ерлер арасында Италия спортшылары 11 титулмен көш бастаса, Испания сегіз жеңіспен екінші орында тұр. Әйелдер арасында АҚШ теннисшілері 14 титулмен алда болса, Ресей спортшылары алты жеңіспен екінші орынға шықты.

Қазақстанның осы жетістікке жетуіне Елена Рыбакина мен Александр Бубликтің жеңістері үлкен үлес қосты. Соның нәтижесінде еліміз ATP және WTA рейтингтерінде алтыншы орынға тұрақтады.

2025 жылғы Елена Рыбакина жеңістері:

  • WTA 500 Страсбург турнирі (Франция, мамыр)

  • WTA 500 Ningbo Open (Қытай, қазан)

  • WTA Finals қорытынды турнирі (Эр-Рияд, Сауд Арабиясы, қараша)

2025 жылғы Александр Бублик жеңістері:

  • Terra Wortmann Open (Галле, Германия)

  • Swiss Open Gstaad (Гштаад, Швейцария)

  • Generali Open Kitzbühel (Китцбюэль, Аустрия)

  • Ханчжоу ашық чемпионаты (Ханчжоу, Қытай)

Ұқсас жаңалықтар

Флорентино Перес 2026 жылы «Реал» президенті қызметінен кетеді

Redaktor

«Ордабасы» Люксембург чемпионымен ойнайды

Redaktor

«Қайсарға» 5 млрд теңге бөліп, бірінші болмай-ақ қойдық — Қызылорда облысының әкімі

Redaktor

Пікір жазу