Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарММА

UFC чемпионы Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді

Фото: Чемпионат.ru

Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Джек Делла Маддалена қазақстандық Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке шыққысы келетінін айтты.

Австралиялық файтердің сөзінше, алдағы Ислам Махачевпен өтетін кездесу оған рейтингте үшінші орында тұрған Рахмоновқа қарсы дайындық ретінде пайдалы болмақ.

Әр жекпе-жек өзінше ерекше, әрқайсысынан бір нәрсе үйренесің. Исламмен айқас мені Шавкатқа қарсы жекпе-жекке жақсырақ дайындайды. Бірақ екеуі мүлде бөлек спортшылар: Шавкат – бойшаң әрі күштірек. Мен әрдайым онымен кездескім келді. Ол UFC-де алғаш пайда болған кезден бастап бақылап келемін. Бірден оның ұйымдағы үздік файтерлердің бірі болатынын түсіндім. Біздің жолдарымыз түйісетініне сенемін. Шавкатты жеңуге көмектесетін тәжірибем мен дағдыларым бар. Үмітім – келесі қарсыласым Шавкат болуы. Бірақ алдымен – Ислам!, – деді Маддалена Израэль Адесанья қатысқан подкастта.

Делла Маддалена мен Махачевтің жекпе-жегі UFC 322 турнирінің басты айқасы болмақ. Турнир 16 қараша күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді.

Жеңіл салмақтың бұрынғы чемпионы Ислам Махачев өз мансабындағы екінші белбеу үшін айқасқа шығады. Ол соңғы рет 2025 жылдың қаңтарында өткен UFC 311 турнирінде Ренато Мойканоны бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңген болатын. Оның кәсіби көрсеткіші – 27 жеңіс және 1 жеңіліс.

Ал Джек Делла Маддалена соңғы рет 2025 жылдың мамырында UFC 315 турнирінде Белал Мұхаммедті төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, UFC чемпионы атағын иеленген еді. Оның рекорды – 18 жеңіс пен 2 жеңіліс.

Ұқсас жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында жанкүйерлерін ойландырып қойды

Redaktor

Қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатының алғашқы күнін алты медальмен аяқтады

Redaktor

Қазақ тілін үйренуден бас тартқан бапкердің командасы тағы да оңбай жеңілді

Redaktor

Пікір жазу