Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Қазақстанның ең қымбат футболшылары анықталды

"Қайрат" ФК

Футболшылардың нарықтық құнын бағалайтын Transfermarkt порталы Қазақстан құрамасы ойыншыларының жаңартылған трансферлік құнын жариялады. Соңғы рейтингке сәйкес, 17 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаев ел чемпионатының ғана емес, жалпы Қазақстан футболының ең қымбат ойыншысы атанды.

«Қайраттың» жас форвардының трансферлік құны соңғы уақытта 1,2 миллион еуроға өсіп, қазір 3 миллион еуро деп бағаланып отыр.

Осылайша, жаңартылған мәліметтер бойынша, Дастан Сәтпаев бұрын Қазақстан құрамасының көшбасшылары саналған Бахтиер Зайнутдиновті (2,8 млн еуро), Нұралы Әліпті (2,5 млн еуро) және Максим Самородовты (2,5 млн еуро) артта қалдырып, ел тарихындағы ең қымбат футболшы мәртебесіне ие болды.

Ұқсас жаңалықтар

Тұрлыханов федерация басшылығынан біржола кетті

Redaktor

«Олимпиадада мәжбүрлі түрде ұтылдым»: Әбиба Әбужақынова елге беймәлім сырын ашты

Redaktor

Тимур Құлыбаев Таразға футбол академиясын салуды бастады

Redaktor