Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) баспасөз қызметі 2025 жылы қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның ерекше табысын атап өтті.
WTA хабарлауынша, Рыбакина 2016 жылдан бері бір жылдың ішінде 500-ден астам эйс орындаған алғашқы WTA теннисшісі атанды.
Эйс ханшайымы: Елена Рыбакина 2025 жылы 500-ден астам эйс жасады. Ол 2016 жылдан бері бір жыл ішінде мұндай көрсеткішке жеткен алғашқы WTA теннисшісі, – деп жазылған WTA ресми хабарламасында.
