Англияның Лондонында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы британ боксшылары – кіші Крис Юбенк (35-4, 25 КО) мен Конор Бенн (24-1, 14 КО) рингке шықты.
Айқас толық 12 раундқа созылып, Конор Бенннің айқын басымдығымен аяқталды. Төрешілер бір ауыздан жеңісті Беннге берді: 119-107, 116-110, 118-108.
Бұл жеңіс – Бенннің кәсіби рингтегі 24-ші жеңісі. Ал кіші Юбенк үшін бұл 35 жеңістен кейінгі төртінші жеңілісі болып тіркелді.
Айта кетейік, қос боксшы алғаш рет 26 сәуірде кездескен. Ол кезде төрешілер шешімі кіші Юбенктің пайдасына шешкен еді.
Кіші Юбенк бұған дейін орта және екінші орта салмақ дәрежесінде IBO белбеуін иеленген. Бір уақыттары ол қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 КО) ашық шақыруын қабылдамай қойған. Британ боксшысы бұл шешімін «Әлімханұлы жеткілікті медиа қызығушылық тудырмайды» деп түсіндірген болатын.
