Beksports спорт порталы
БоксЖаңалықтар

Бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаева қола жүлдегер атанды

Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Әйгерім Сәттібаева 2024 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді.

Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстаннан алғашқы болып Әйгерім Сәттібаева жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді.

Екі боксшы да аянып қалған жоқ. Төрешілер шешімімен жеңіс өзбекстандық спортшыға берілді — 4:1.

Осылайша, ұзақ жылғы үзілістен кейін спортқа қайта оралған бес баланың анасы, белгілі боксшы Олжас Сәттібаевтың зайыбы Әйгерім қола жүлдені қанағат тұтты. Бұл — оның спорттық жолындағы Азия чемпионатында алған екінші қола медалі.

«Төреші емеспін, сондықтан олардың шешіміне қарсы келе алмаймын. Қолымнан келгенін жасадым, тырыстым, аянып қалған жоқпын. Бірінші кезекте ел намысын қорғау үшін. Қазақтың батыр қыздары Әлия мен Мәншүк апаларымыз секілді ерлік жасағым келді, бірақ алтын медаль бұйырмады. Бірақ қолаға да шүкір, бұл да бір жетістік», — деді Әйгерім.

Сонымен қатар ол ел біріншілігінде бақ сынайтынын да алға тартты.

«Егер Азия чемпионатында бірінші орын алғанымда, демалушы едім. Енді бағымды сынаймын. Алдымен бапкерлермен ақылдасып, сосын шешім шығарамыз», — деді ол.

Сонымен қатар бес баланың анасы ата-енесіне алғысын жеткізді.

«Бір ай үйде болған жоқпын. Осы уақыт аралығында бес балама қарап, еш алаңсыз жаттығу жасауыма мүмкіндік берген алдымен Алла, сонан соң ата-енем, сол кісілерге алғысымды айтамын. Балаларым жеңіспен келуімді сұраған, болмай қалды. Аллаға шүкір, құр қол келмеймін», — деп қосты Әйгерім Сәттібаева.

Ерсұлтан Кәріпбай

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкер Дулат Тастекей Әбиба Әбужақыноваға стипендия беруді ұсынды

Redaktor

Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Қырғызстаннан 268 спортшы қатысады

Redaktor

Қазақ баласы Australian Open турнирінің ширек финалына шыға алмады

Redaktor

Пікір жазу