Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарҰлттық спорт

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының медалі таныстырылды

Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының медалі таныстырылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Оны V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров таныстырды.

Медаль қола қорытпасынан жасалған. Оның ортасында көшпелілер өркениетінің белгісі – ат үстіндегі Күнбасты адамның таңбасы бар.

«Медальдің контуры ұлттық символымыз шаңырақ түрінде жасалған. Медаль таспасы ерекше, сердолик минералының түсі секілді. Онда Ойындардың өтетін орны мен уақыты көрсетілген естелік жазба бар», — деді спикер.

Айта кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 2024 жылдың 8-13 қыркүйегі аралығында өтеді және 21 спорт түрі бойынша 89 елден 2 500-ға жуық қатысушының басын қосады.

Осындай айтулы іс-шара тек мәдени және спорттық мереке ғана емес, сонымен қатар балалардың құқығы мен инклюзиясы туралы негізгі мәселелерді алға бастыруға көмектесетін алаң болады.

Ұқсас жаңалықтар

Михаил Шайдоров әлемнің үздік алты спортшысының қатарына еніп, Гран-при финалына шықты

Redaktor

Хоккейші Андрей Шутов словакиялық «Слован» командасына ауысты

Redaktor

Ербол Мырзабосынов Черчесовтің әрекетін кешіруге шақырды

Redaktor