Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Шетелдік сарапшы Нұрсұлтановтың не үшін чемпиондық белдікке неге шықпай жүргенін түсіндірді

qazsporttv.kz

Бокс сарапшысы әрі шолушысы, That Boxing Guy лақап атымен танымал америкалық Васим Мазер қазақстандық орта салмақтағы боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (20-0, 11 KO) мансабындағы үзіліске қатысты пікір білдірді.

Нұрсұлтанов 2023 жылдан бері орта салмақта WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке шығу мүмкіндігін күтіп жүр. Қазіргі таңда бұл белбеу доминикандық Карлос Адамеске (24-1-1, 18 KO) тиесілі. Соған қарамастан, соңғы екі жылда қазақстандық боксшы бірде-бір жекпе-жек өткізбеген.

Сарапшының айтуынша, бұл жағдайды спортшының әлсіреуімен немесе құлдырауымен байланыстыру дұрыс емес.

Нұрсұлтановтың деңгейі әлдеқашан дәлелденген. Ол 2022 жылы Андрей Сироткинді жеңіп, WBO International чемпионы атанды, кейін бұл белбеуді үш мәрте сәтті қорғады. Оның соңғы жекпе-жегі 2023 жылы өтті. Ол кезде Мейірім Хулио Аламосты төрешілер шешімімен жеңген. Осыдан кейін белсенділік төмендеді, бірақ ешқандай мәртебеден айырылған жоқ. Ол әлі күнге дейін орта салмақта WBC рейтингінде бірінші орында тұр, – деп атап өтті Мазер.

Сарапшы бокстағы ұзақ үзілістерді жиі қате түсіндіретінін айтады.

Белсенділіктің азаюын көп жағдайда құлдырау деп қабылдайды. Кейде бұл рас болуы мүмкін, алайда көбіне оның артында промоутерлік қиындықтар, белбеу төңірегіндегі саясат немесе тәуекелді жекпе-жектерге қатысты әділетсіз көзқарас жатады. Ал рейтингтер Нұрсұлтановтың жағдайының мүлде басқа екенін көрсетіп отыр. Міндетті үміткер ретіндегі орнын ұзақ уақыт бойы сақтап қалу – жоқтықтың емес, керісінше, құрметтің белгісі, – деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Жәмила Бақбергенова рейтингте көш бастады

Redaktor

Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионы атанды

Redaktor

Ресей теннисшілері жаппай Өзбекстан азаматтығын алып жатыр

Redaktor

Пікір жазу