Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова World Boxing нұсқасы бойынша «Жылдың үздік боксшылары» атанды

ҰОК

World Boxing халықаралық федерациясы ұйымдастырған «Жылдың үздік боксшысы» атағына арналған онлайн дауыс беру мәресіне жетті.

Ерлер арасында қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан жанкүйерлердің ең көп қолдауына ие болып, «Жылдың үздік боксшысы» атанды.

Ал әйелдер арасындағы дауыс беру нәтижесі бойынша Наталья Богданова жыл үздігі деп танылды.

Сонымен қатар Астана қаласында өткен Әлем кубогының ширек финалында Махмұд Сабырхан мен филиппиндік Аарон Джуд арасындағы тартысты жекпе-жек «Жылдың ең үздік айқасы» ретінде таңдалды.

Айта кетейік, дауыс беру Instagram әлеуметтік желісінде өтті. Әрбір қойылған «лүпіл» бір дауыс ретінде есептелді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мектептеріне хоккей жабдығы мен 600 жиынтық форма беріледі

Redaktor

Ресми: Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара чемпиондық атақты сарапқа салатын болды

Redaktor

Футзалдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкерінің есімі аталды

Redaktor