Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

Тек қазақтармен ойнап жүрген «Қайсар» енді легионер алатын болды

Видеодан кадр

Қызылорданың «Қайсар» футбол клубының жаңа иесі, кәсіпкер Исламғали Қозбақов алдағы маусымдағы трансферлік саясат туралы айтып, легионерлерді тек қажет жағдайда ғана шақыратынын мәлімдеді.

«Командада легионерлер бола ма? Иә, бірақ таңдау өте мұқият жүргізіледі. Легионер біздің ойыншылардан мықты болуы, пайда әкелуі және үлгі көрсететін деңгейде болуы тиіс. Біз сан үшін ғана ойыншы алмаймыз. Әр шетелдік футболшы – стратегиялық инвестиция болады», — деді Қозбақов KazTAG тілшісіне берген сұхбатында.

Биылғы маусым қорытындысы бойынша «Қайсар» Қазақстан Премьер-лигасы тарихында алғаш рет бірде-бір легионерсіз толық маусымды өткізіп, соған қарамастан лигадағы орнын сақтап қалған еді.

Қызылордалық клуб маусымды 22 ұпаймен аяқтап, турнир кестесінде 11-орынға тұрақтады.

Исламғали Қозбақов клубты сатып алғаннан кейін, «Қайсар» еліміздегі алғашқы жекешелендірілген футбол клубы мәртебесін иеленді.

Ұқсас жаңалықтар

​Астанадағы бокс кешінің толық карды белгілі болды

Redaktor

Ержет Жарлықасын әлем чемпионатында күміс жүлде алды

Redaktor

Қазақстанның бес дүркін чемпионы Бірінші лигаға жолдама алды

Redaktor

Пікір жазу