Актриса әрі блогер Әсел Асқар Instagram-парақшасында ер адамдарға қатысты өз талғамын бөлісті.
Өнер иесінің айтуынша, ол үшін ер адамның ең маңызды қасиеті – мансапқа ұмтылуы.
Маған жас жігіттер керек емес. Маған олигарх ағашкалар керек, тоқал боламын, – деді ол әзіл-шыны аралас.
Актрисаның бұл пікірі желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, оқырмандардың ойын екіге бөлді. Бірі блогердің ашық айтқанын қолдаса, енді бірі сынап тастады.
Ол былтыр бір сұхбатында:
Егер менің қолымды сұрап, менімен болашақ құрғысы келетін адам болса, менің қарсылығым жоқ. Мен блогтарымды жігіт туралы айтсам, ешкім сенбейді. Өйткені бәрі әзіл деп қабылдайды. Бірақ жігітке қоятын бір ғана талабым бар: Менен көп ақша табуы керек. Ер-азаматтың әйелінен көп табуы оның жауапкершілігін білдіреді, — деген болатын.
