Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Әнші Гүлмира Ізбасқан 30-ға келіп тұсауын кестірді

Фото: әлеуметтік желі

Әнші Гүлмира Ізбасқан бала күнінде жасалмаған тұсау кесу рәсімін ересек шағында орындады.

Өнер иесі бұл сәтті әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, әзіл-шыны аралас жазба қалдырды.

«Ассалаумағалейкум. Менің тұсауым кесілмеген екен ғой. Бәсе, құлай беремін. 30 жастан асқан соң тұсау кескен қалай екен?! Мама, тәй-тәй демейсіздер ме?!» – деп жазды әнші.

Рәсім барысында ер адам ала жіпті пышақпен кесіп, тұсау рәсімін өткізді. Ал анасы қызына ақ батасын беріп, жүрекжарды тілегін арнады.

«2026 жылы саған табысты жыл болсын. Теңіңді тауып, бақытты бол. Өнерің өрлей берсін. Елдің елеулі, халықтың қалаулысы бол, қызым!» – деді ол.

Тұсауы кесілгеннен кейін Гүлмира Ізбасқанға жерге қойылған төрт заттың бірін таңдау ұсынылды. Алайда әнші олардың барлығын қолына алып,

«Бұның бәрі – менің таңдауым» деп түсіндірді.

Желі қолданушылары бұл әрекетті жылы қабылдап, пікірлерде:

«Күйеуге шығасың енді», «Сыңарыңды тауып, бақытты бол», «Қадамыңа нұр жаусын», – деген сынды ізгі тілектерін жаудырды.

Әншінің ересек жаста тұсау кесуі көпшілікке ұлттық дәстүрдің мәнін еске салып, желіде жағымды пікірлерге толы талқылау тудырды.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Izbaskhan (@gulmira_izbaskhanova)

Ұқсас жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекованың анасы: «Жалғыздық тек Құдайға жарасқан»

Redaktor

Қарақат Әбілдина желі қолданушыларының сынына ұшырады

Redaktor

«Дуалап алды»: Абай Асылхан екі баласы бар әйелге қалай үйленгенін айтты

Redaktor

Пікір жазу