Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан Mamskiy әңгіме подкастында қонақ болып, жеке өмірі мен алдағы мақсаттары туралы сыр шертті.
Сұхбат барысында ол жары Жұмабек Жанықұловпен қалай танысқаны жөнінде айтып, ана болу арманы бар екенін жасырмады.
«Мен балалы болып, бала туғым келеді. ЭКО-ны да жоспарлап жүрмін. Менің жасымда ғылымға сенген дұрыс секілді. Себебі ғылым бір орында тұрмайды. Эмбрионды жан-жақты зерттейді. Ешқашан бұл туралы ойлаймын деп ойламаппын. Дегенмен Құдайдың өз жоспары бар. Мен әлі жұмыртқа жасушаларымды қатырған жоқпын. Өзімдікі жақсы. Өзімде саны аз емес екен», — деді тележүргізуші.
Динара Сәтжан бұл тақырыпты ашық көтеріп, заманауи медицинаның мүмкіндіктеріне сенім артатынын атап өтті. Оның бұл пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшілік тарапынан қолдау мен жылы лебізге ие болды.
