Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Рыбакинаның жаңа жылдағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

Фото: Depositphotos/LyazaTretyakova©

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина (WTA №5) Аустралияның Брисбен қаласында өтетін WTA 500 санатындағы турнирге үшінші нөмірмен тіркелді.

Турнир кестесінде ол әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен бір топта орналасқан.

Жоғары рейтингінің арқасында Рыбакина алғашқы айналымды өткізбей, жарысты бірден екінші кезеңнен бастайды. Бұл кезеңдегі оның қарсыласы америкалық Эшлин Крюгер (WTA №44) мен іріктеуден өткен «лаки лузердің» арасындағы матчта анықталады.

Қазақстандық теннисші ширек финалда ресейлік Екатерина Александровамен (№7) жолығуы мүмкін. Ал жартылай финалдағы ықтимал қарсыласы ретінде қазіргі әлемдік рейтинг көшбасшысы Арина Соболенко аталып отыр.

Еске сала кетейік, Елена Рыбакина 2024 жылы Брисбен турнирінің чемпионы атанған. Сол кезде финалда ол дәл осы Арина Соболенкодан басым түскен болатын.

 

Ұқсас жаңалықтар

Әлем чемпионаты: бүгін қазақ-өзбек тартысына куә боламыз

Redaktor

Титулыды айқастағы нокауттан кейін Сұлтан Зауырбек рейтингте жоғарлады

Redaktor

Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты елге оралды

Redaktor