Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртас туралы қызық оқиғаны айтты

Фото. әлеуметтік желі

Продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасқа қатысты бұрын белгісіз болған бір жағдайды айтып берді, деп хабарлайды.

Оның айтуынша, жұрт арасында “Қайраттың кредиті бар” деген әзілге айналған әңгіме шын мәнінде мүлде басқа жағдайдан пайда болған.

Айдарбекованың сөзінше, бір күні ұлы ұшақтан түскен кезде алдынан бір азамат шығып, несие төлеу үшін қолындағы затын сатып алуды өтінген.

«Қайрат қанша тұратынын сұраса, шамамен 1 млн 600 мың екен. Бірақ өзі 200 мыңға бермекші болып тұр екен. Қайраттың қолында артық ақша болмаған соң, сол жерден несие рәсімдеп, ақшаны әлгі адамға аударып жіберген. Содан жұрт ’Қайратта кредит бар’ деп таратып жіберді. Ол несие өзіне де алынбаған еді», – деді Гүлзира Айдарбекова “Шәйдің қыздары” подкастында.

Желі қолданушылары оқиғаға түрлі пікір білдірді. Бірі Қайраттың кеңпейілдігін айтса, енді бірі «онда тұрған не бар?» деп таңданысын жасырмады.

Ұқсас жаңалықтар

Әнші Айгерім Қалаубаева биімен желіні шулатты

Redaktor

Астанада қаза тапқан фельдшердің құрметіне ескерткіш қойылып, арнайы сынып ашылатын болды

Redaktor

Бұрынғы әйелім бетімді қайтарып жіберді — Нұрсұлтан Жақсыген

Redaktor

Пікір жазу