Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Гүлзира Айдарбекованың құдағиының әрекеті сынға ұшырады

Әлеуметтік желі

Гүлзира Айдарбекова немересінің қырқынан шығару рәсімінен видео жариялап, желіде сынға қалды.

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде немересі Әміренің қырқынан шығару рәсімінен видео бөлісіп, көптің талқысына түсті.

Видео астында Айдарбекова: «Әміре немереміздің қырқынан шығаруға нағашы ата-әжелері келіп қалыпты» деп жазған.

Алайда бұл жазба мен бейнежазба желі қолданушыларының арасында қызу пікірталас тудырды. Көпшілік нағашы әжесінің киіміне, келу уақытына және Гүлзира ханымның қарсы алу мәнеріне қатысты сын пікірлер қалдырған.

Желі қолданушыларының жазған пікірлерінің бір бөлігі мынадай:

  • «Құдағи деген ұзын етек көйлек кисе, қайтеді?»
  • «Шақырылмай жетіп келген сияқты ғой…»
  • «Ерте кеп қалдыңдар деді Гүлзира ханым, демек, шақырмаған»
  • «Гүлзира ханым өте суық амандасты»
  • «Осы құдағиы келе береді екен»

Кейбіреулер Гүлзира Айдарбекованың жазбасында «келіп қалыпты» деген тіркес те жақсы әсер қалдырмағанын айтып, екі жақтың қарым-қатынасы жайлы түрлі болжамдар жасады.

Әлеуметтік желіде басталған талқылау әлі де тоқтар емес.

Ұқсас жаңалықтар

Жұлдыз Әбдукәрімова елден кететінін мәлімдеді

Redaktor

«Қарашада қамауға алындым»: Мақпал Жүнісова ерекше жағдаймен елді алаңдатып қойды

Redaktor

Баян Алагөзовтың күйеуі енді халыққа жыл сайын 100 пәтер сыйлап тұрмақ

Redaktor

Пікір жазу