Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

ФИФА рейтингі: Қазақстан 115-орыннан қозғалмады, Өзбекстан ТОП-50 қатарына енді

ҚФФ

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) қараша айындағы ойындардан кейін ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады.

Қазақстан құрамасы бұл айда екі матч өткізгенімен, нәтиже өзгеріссіз қалды. Алдымен Астанада Бельгиямен 1:1 есебімен тең түсті, ал Хорватияда өткен жолдастық кездесуде Фарер аралдарына 0:1 есебімен жол берді. Осы көрсеткіштерден кейін Қазақстан 1173 ұпаймен өз позициясын сақтап, 115-орында қалды.

Ал Мысыр мен Иранды жеңген Өзбекстан құрамасы 1462 ұпай жинап, бірден бес саты жоғарылап, 50-орынға көтерілді. Осылайша ол Қазақстаннан 65 орын алға озды. Екі ел арасындағы ұпай айырмашылығы – 289.

Қазақстаннан рейтингте жоғары орналасқан кейбір құрамалар: Буркино-Фасо (62), Ямайка (70), Оман (79), Сирия (87), Бенин (92), Тайланд (95), Палестина (96), Тәжікстан (101), Қырғыз Республикасы (104), Мадагаскар (105), Вьетнам (110) және Мавритания (114).

ФИФА рейтингінің алғашқы бестігі өзгеріссіз қалды:
1-орын – Испания
2-орын – Аргентина
3-орын – Франция
4-орын – Англия
5-орын – Бразилия

Ұқсас жаңалықтар

Александр Бублик «Уимблдон» турнирінің келесі кезеңіне өтті

Redaktor

Еркебұлан Тоқтар жекпе-жекке шақырған өзбекстандық файтер үш жылға қамалды

Redaktor

Милан-2026: Бүгін отандық спортшылардан кімдер жарысқа шығады?

Redaktor