Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Қайратқа демалу керек – Медеу Арынбаев

Қазақстан телеарнасының эфирінен скрин

Белгілі әнші, қазақ эстранасының майталманы Медеу Арынбаев Қайрат Нұртас пен оның шығармашылығына қатысты ойын айтты.

Әнші бұл пікірін сұхбат барысында жеткізді.

Медеу Арынбаев Қайрат Нұртас бүгінде аса үлкен жүктемемен жұмыс істеп жүргенін атап өтті:

«Қайратқа демалу керек. Ән айта алмайтын болса, халық мұнша көтермелемейтін еді ғой. Халық айтса, қалып айтпайды. Ол ырғақты сезеді, өзінің ыңырсу мәнерін тапқан. Ол қобыздың дауысына жақын элементтер, қазақтың жанына жақын вибрациялар».

Әнші Қайраттың дауыс саулығына да тоқталды:

«Фониатрға барып, дауысты емдету керек. Бұл – еңбек. Біз сияқты айына немесе аптасына бір рет емес, ол күнде жолда, күнде тойда. Бұл оңай дүние емес, үлкен сақтықты талап етеді», – деді Арынбаев.

Медеу Арынбаевтың айтуынша, Қайрат Нұртас сахнадағы белсенділігімен ерекшеленеді, сондықтан дауысты күту және дұрыс демалу – оның кәсіби өмірінің маңызды бөлігі.

Ұқсас жаңалықтар

Абай Бегейдің қызы Сымбат Абайқызы алғаш рет ана атанды

Redaktor

Күйеуіме ақшасын өзім төлеп, екі рет Меккеге жібердім – Дариға Бадықова

Redaktor

10 жас кіші жігітке тұрмысқа актриса жылап қалды

Redaktor

Пікір жазу