Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Дәурен Айдарқұлов Ақбота-Нұрдан туған екі баласы қайда тұратынын айтты

Фото: instagram.com/akbotanurabaykyzy

Актер Дәурен Айдарқұлов Аман Тасығанға берген сұхбатында жеке өміріне қатысты бірқатар сұрақтарға ашық жауап берді.

Актердің айтуынша, әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбеттен дүниеге келген екі баласы бүгінде Дәуреннің ата-анасының қолында тәрбиеленіп жатыр.

«Ақботадан туған екі баламыз алғашында анасымен бірге тұрған. Бірақ Ақбота үнемі сыртта жүреді. Күтушімен өмір сүру бала үшін қиын, нағыз туған-туыстың мейірімін сезіне алмайды. Менің анам үш баламды да тәрбиелеген. Ақботамен ақылдаса отырып, балалардың ата-әжесімен тұрғаны дұрыс деген шешімге келдік. Ақботаның тұратын жері бізден алыс емес, сол себепті балаларды жиі көріп отырады. Бұл жағынан ешқандай мәселе жоқ», – деді Дәурен.

Алайда сұхбат желіде жарияланғаннан кейін көпшілік актерді сынға алып, түрлі пікір білдірді.

Желі қолданушыларының кейбірі:

«Ақботаны қор қылды», «Балаларды үлкен кісілерге бақтырып қойғаны дұрыс емес», «Қиындықтың бәрін ата-әже көтеріп жүр», «Балаларды тірі жетім етіп қойған», – деген сыни пікірлер қалдырған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова «жақсы көретінін» келінін ерекше құттықтады

Redaktor

Танымал журналист Бағдат Әшімованың Асанәлі Әшімов әулетіндегі ерекше орнын ашып айтты

Redaktor

Прокуратура Жетісайдағы өрттен қаза тапқандардың тізімін жариялады

Redaktor