Белгілі продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова жас отбасылар арасындағы кикілжіңдердің негізгі себебі туралы өз пікірін айтты, деп хабарлайды.
Продюсер бұл ойын 7-арнаның «Жарқыраған жұлдыз» бағдарламасында берген сұхбатында айтты.
Оның сөзінше, қазіргі жастардың арасында тәкаппарлық пен өзара түсіністіктің жетіспеушілігі – ажырасуға апаратын басты себептердің бірі.
«Жастарға айтарым – ананы сыйласа болды ғой. Әкеге күліп отырып шайын берсе, тырысып отырмаса, жұлынбаса… Күйеуі кешірім сұраса, әйел «жарайды» деп келіссе, бәрі жақсы болар еді. Бірақ кейбіреулер қақиып тұрып алады, кешірмейді. Оның бәрі көкірек пен менмендіктен. Әңгіме түбінде тәкаппарлыққа келіп тіреледі ғой», – деді Гүлзира Айдарбекова.
Продюсердің бұл пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшілік әйел мен ердің өзара сыйластығы мен сабырлығы – отбасының берекесінің кепілі деген оймен келісті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
