Beksports спорт порталы
Басты ақпаратДзюдоЖаңалықтар

Таеквондошылар тағы бір тарихи жүлде жеңіп алды

Таеквондо федерациясы

Қазақстандық таеквондошы Айдана Құмартаева Усиде өтіп жатқан Әлем чемпионатында ел қоржынын қола жүлдемен толықтырды. Әйелдер арасында 46 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған ол жартылай финалда түркиялық Эмине Гогебаканмен кездесті.

Отандасымыз Айдана бүгін Әлем чемпионатында өте тартысты жекпе-жектер өткізді. Алғашқы кездесуінде ол Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Никола Кражевскаяны, екінші жекпе-жегінде Португалия спортшысы Киарра Барросоны 2:0 есебімен жеңді. 1/16 кезеңде үндістандық Ваишнабені жолдан ығыстырса, ширек финалда World Taekwondo өкілі Джесси Бассетті айқын басымдықпен ұтты.

Осылайша, Айдана Құмартаева Қазақстан таеквондосына жаңа тарихи оқиға тіркеді. Бұған дейін Әлем чемпионаттарында қазақстандық әйел спортшылар екі бірдей медаль жеңген емес.

Естеріңізге сала кетсек, 25 қазан күні тағы бір отандасымыз Нодира Ахмедова Қазақстан әйелдер таеквондосына 18 жылдан кейін Әлем чемпионатының жүлдесін сыйлаған болатын.

Усиде таеквондодан өтіп жатқан Әлем чемпионатының барлығы 179 елден 991 спортшы қатысуда. Дүниежүзілік біріншілік 30 қазанға дейін жалғасады.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Гауһар Әлімбекова туралы тың ақпарат шықты

Redaktor

Усик пен Джошуаның спарринг-серіктесі болған қазақстандық боксшының рингке қашан оралатыны белгілі болды

Redaktor

Бельгия құрамасының тағы бір жұлдызы Қазақстанға келмейтін болды

Redaktor