Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Көк ала қойдай етіп сабады»: танымал әншінің жары мәлімдеме жасады

Фото: https://www.instagram.com/farida_ainiyazova

Танымал әнші Өмірқұл Айниязовтың әйелі Фарида Айниязова Kun.kz-ке берген сұхбатында перзент сүю мақсатында емшілерге жүгінген кезеңін еске алды.

Әншінің әйелі 42 жасында екінші рет ана боламын деп ойламағанын, бірақ ішіндегі үмітін ешқашан үзбегенін айтты. Оның сөзінше, жұбайы Өмірқұл Айниязовпен тұңғышы 5–6 жасқа толғанда емделе бастаған.

Ең мықты деген дәрігерлерге бардық. Біз ол уақытта Талдықорғанда тұратын едік, 2011 жылы қатынау қиын болғандықтан Алматыға көшіп келдік. Балгер, емші секілді қазақы ем жолдарына да жүгіндік. Қай жерде қандай емші бар, қандай дәрігер бар, кім көтере алады, бәріне бардым десем болады. Бірақ соңында дәрігерлердің арқасында жүкті болдым. Айтарлық ауыр диагноз болмады, жай ғана Алланың жазғаны болып тұр ғой, – деді ол.

Фарида Айниязова барған емшілердің бірі әншінің жарын жартылай шешіндіріп, ағашпен денесі көгергенше сабағанын айтты.

Тағы бір есте қалғаны – Талдықорғандағы емші. Ол кезде мен 25 жастағы жас келіншекпін, ол 45 жас шамасындағы ер адам. Өзінің қазақы атаның образындағы киімін киіп алады, қолында ұзын таяғы бар. Мені жартылай шешіндіріп, ‘Қазір аталар сенің қай жерің ауырады, таяқты сол жерге апарады’ дейді де, таяғымен тарсылдатып көк ала қойдай етіп сабады. Мен бұған 10 күн шыдаппын, оған қоса ақшасын бересің. Бір нәрсені қатты қаласаң ешнәрседен қорықпайды екенсің ғой. Қазір ойласам, ‘Қалай жалғыз өзім қорықпай барып жүргенмін?’ деп ойлаймын, – деді әншінің жары.

Ұқсас жаңалықтар

Төреғали Төреәлінің қайын атасы жұрттың назарын аударды

Redaktor

«Ажырастық». Олжас Абайдың экс-әйелі де бар шындықты айтты

Redaktor

Қабатовтың екінші әйеліне қатысты тың деректер шықты

Redaktor

Пікір жазу