Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Қолында баласы бар, ажырасқан анамын»: Түркістандық депутат жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады

Фото әлеуметтік желіден.

Түркістандық жас депутат Нұрайым Шақимерген әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты ауыр кезеңді жариялады.

Депутат өз жазбасында: «Мен – қолында кішкентай баласы бар, ажырасқан, жүрегі жараланған анамын. Әкесіз өскендіктен, ер адамның мейіріміне өте мұқтаж болдым», – деп бөлісті.

Нұрайымның сөзінше, отбасын құруға деген үмітпен алға ұмтылғанымен, шешуші сәтте өзін жалғыз сезінуге мәжбүр болған.

Біз кейде біреуді қорғанышымыз деп сенеміз. Жүрегіңнің ең нәзік тұсын ашып, сенім артамыз. Бірақ өмір тағы бір сынақ жібереді. Мен асықтым, сендім, қателестім. Дегенмен өзімді кінәламаймын. Себебі осы қателік маған ең маңызды сабақ берді: әйелдің бағасын ер адам емес, өз жүрегі мен өз ерік-жігері анықтайды, – деп жазды депутат.

Ұқсас жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекованың анасы: «Жалғыздық тек Құдайға жарасқан»

Redaktor

Қабатовтың жерлес інісі Мөлдір Мұқанованы қолдады

Redaktor

Үш баласымен өзінен бес жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан блогер жан сырын ақтарды

Redaktor

Пікір жазу