Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Көптен бері көрінбей кеткен Дариға Хасанғалиева ел алдына шықты

Продюсер Альбина Қапсәлім әйгілі композитор Ескендір Хасанғалиевтің жары Дарико Хасанғалиеваның шаңырағына арнайы барып, оны мерекемен құттықтады.

Бұл сәтпен продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, қазақ даласына кеңінен тараған «Ескірмеген махаббат» әнін еске алды. Оның айтуынша, шынайы сезім мен адал махаббат жылдар өткен сайын тіпті де қымбат бола түседі.

«Нәзік сезім мен ғашықтықтың символына айналған, Ескендір Хасанғалиев атамыздың музасы әрі өмірлік серігі болған Дарико апайымызды жаңа жылымен құттықтап, арнайы амандасып, батасын алып қайттық. Дарико апай – сабыр мен сұлулықтың, парасат пен нәзіктіктің үйлескен бейнесі. Нағыз әйелдік сұлулықтың эталоны десе болады. Осындай аналардың батасы –  ұрпаққа аманат», –  деп жазды Альбина Қапсәлім.

Желі қолданушылары да қазақ музыкасының аңыз тұлғасының жарына жылы лебіздерін білдіріп, денсаулық, ұзақ ғұмыр және амандық тілеген пікірлерін қалдыруда. Көпшілік Дарико Хасанғалиеваны адал жардың, асыл ананың және парасатты әйелдің жарқын үлгісі ретінде атап өтуде.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Альбина Қапсәлім (@albina.kapsalimova)

Ұқсас жаңалықтар

Үш баласымен өзінен бес жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан блогер жан сырын ақтарды

Redaktor

Қабатовтың екінші әйеліне қатысты тың деректер шықты

Redaktor

«Сырқатына қарамастан сахнаға шықты»: Димаш Құдайберген 40 градус қызумен концерт өткізген

Redaktor

Пікір жазу