Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Қыдырәлі Болманов: Мөлдір өзімнің қарындасым сияқты болып кетті

Танымал әнші Қыдырәлі Болманов әлеуметтік желідегі парақшасында Мөлдір Мұқанның алғашқы толықметражды фильмін көргеннен кейін әсерімен бөлісті.

Өнер иесі Мөлдірдің «Шәй в большом городе» атты жаңа фильмін тамашалап, оған ақ тілегін жеткізген.

«Кеше Мөлдір ханымның ең алғашқы фильмін көріп, құтты болсын айтып, ақ тілегімізді арнап қайттық. Тұрсынбекті дара дарын ретінде өте құрметтеймін. Мөлдір болса – өзімнің туған қарындасымдай болып кеткен жан. Қай кезде барсақ та, ақ дастарханын жайып, кең жүрегімен аппақ ниетін төгіп тұратын осындай қарындасты қалай жақсы көрмейсің?«Шәй в большом городе» фильмін тамашаладық. Мөлдірдің тырнақалды туындысы өте сәтті шыққан. Кейіпкерлердің қалағаны орындалып, фильм жылы әсермен, көңілге қонымды, өкінішсіз аяқталады. Құрметті оқырман, отандық киноны қолдайық! Аллаға шүкір, киноиндустриямыз жыл өткен сайын дамып келеді. Аллаға сансыз мадақ болсын!» – деп жазды Қыдырәлі Болманов.

Мөлдір Мұқанның жаңа фильмі көрерменге қандай әсер қалдыратыны енді прокат барысында белгілі болмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Күн сайын түрме мен аурухананың арасында жүрдім – Баян Есентаеваның үлкен қызы

Redaktor

Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртастың концертінде ел білмейтін қызықтар болатынын айтты

Redaktor

«Жүдеп, әбден әбіржіп кеткен». Сәкен Майғазиевтің жас келіне қатысты ақпарат тарады

Redaktor

Пікір жазу