Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Мария Мудряк «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды

Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Италияға ресми іссапары барысында әлемге әйгілі опера әншісі Мария Мудрякке «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» мемлекеттік атағын табыстады.

Джузеппе Верди атындағы Милан консерваториясының түлегі Мария Мудряк бүгінде әлемнің ең үздік опера сахналарында өнер көрсетіп, қазақ өнерінің беделін халықаралық деңгейде көтеріп жүр.

Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мария Мудрякке бұл жоғары марапат берілгені белгілі болған еді.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов та жергілікті өнерпазды құттықтап, жылы лебізін білдірді:

«Бұл қуанышты жаңалыққа мен де, барлық павлодарлықтар сияқты, шын жүректен қуанып отырмын. Марияның өнері – еліміздің мәдениетіне, әлемдік сахнадағы беделіне қосылған өлшеусіз үлес. Ол туған өлкеміздің атын ең мәртебелі опера сахналарында абыроймен танытып келеді. Сіздің өнер жолыңыз – талант пен табандылықтың, отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың жарқын үлгісі. Сізге мықты денсаулық, сарқылмас шабыт, жаңа табыстар мен биік шығармашылық белестер тілеймін!»

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Байханов Асаин (@asaiyn.baikhan)

Ұқсас жаңалықтар

«Жүдеп, әбден әбіржіп кеткен». Сәкен Майғазиевтің жас келіне қатысты ақпарат тарады

Redaktor

Қайрат Нұртастың қызына қатысты мәлімдеме жасалды

Redaktor

Баян Алагөзова дене бітімін көрсетіп, жас қыздармен жарысты

Redaktor

Пікір жазу