Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Мөлдір Мұқан бейтаныс ер адаммен бірге көзге түсті

Фото: jan_el_mebel парақшасынан

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде белгісіз ер адаммен бірге көрініп, көпшіліктің назарын аударды.

Желіде тараған фотоларда Мөлдір Мұқанның бейтаныс ер адаммен бірге жүргені байқалады. Бұл кадрлар әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсіп, түрлі пікірлер жазыла бастады. Көпшілік Мөлдірден мұндай қадам күтпегенін айтып, таңданыстарын жасырмады.

Оқырмандар пікірі екіге жарылды. Бірі оны қолдап, бақыт тілесе, енді бірі жеке өміріне қатысты түрлі болжам айтты:

«Тұрсынбек басқаға үйленгенде, Мөлдір қарап отыруы керек пе?»
«Бақытты болсын, соған лайықты»
«Бай тапқан ба? Құтты болсын!»
«Қадірін білетін адам жолықсын»
«Еркекке болады да, әйелге болмай ма?»
«Тұрсынбек өзінен көрсін» — деп жазды желі қолданушылары.

Алайда Мөлдір Мұқанның жанындағы ер адамның кім екені әзірге белгісіз. Өнер иесінің өзі бұл жағдайға қатысты әзірге ресми пікір білдірген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Әнші Гүлмира Ізбасқан 30-ға келіп тұсауын кестірді

Redaktor

Сәкен Майғазиев Ұлықпан Жолдастовтың қызына ұсыныс айтты

Redaktor

Қыдырәлінің жалған видеосынан кейін Қарақат ашуға булықты

Redaktor

Пікір жазу