Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

«Астана» футбол клубына қатысты ел асыға күткен жаңалық шықты

Астана ФК

Қазақстанның Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов астаналық клуб жанкүйерлеріне қуанышты жаңалық жеткізді.

Министрдің хабарлауынша, «Астана» футбол клубы келесі маусымға инвесторларды тапқан.

Біз белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз, инвестор бар. Қазіргі сәтте барлық рәсімдер аяқталмағандықтан толық мәлімет айта алмаймын, бірақ инвестор бар, — деді министр.

Еске салсақ, бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов депутат Нартай Сарсенғалиевтің сауалына жауап ретінде Президенттің тапсырмасымен Туризм және спорт министрлігі мен Қазақстан футбол федерациясы республикалық және өңірлік деңгейде «футбол клубтарын коммерцияландыру бойынша әлеуетті инвесторлармен жұмыс жүргізіп жатқанын» хабарлаған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Әли Әлиев Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

Redaktor

Қазақстаннан қысқы Олимпиадаға қанша спортшы қатысатыны белгілі болды

Redaktor

Сәкен Бибосынов неге жеңілді? Айтжанов себебін түсіндірді

Redaktor

Пікір жазу