Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовтың басына жасалған операция туралы алғаш рет айтты

Журналист Жанар Байсеміздің YouTube-подкастына сұхбат берген Мөлдір Мұқанова белгілі әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатовтың Алматыдағы ауруханалардың бірінде басына ота жасатқанын айтты.

Мұқанованың айтуынша, ол кезде Қабатовтың жағдайы күрделі болған. Алайда оның неден жапа шеккенін нақты білмейтінін жеткізді.

«Неден болғанын білмеймін. Біреу ұрды ма деген ой да болды. Өзі “құлап қалдым” деді. Адамның басы 100 пайыз дөңгелек болса, соның 25 пайызын алған. Бас сүйегін ашып операция жасаған. Оның бас сүйегін қайта орнына қоя алмайды екен, орнына пластик қойылады екен. Үйге келген соң емін жалғастырды. Ер адам басына күн туса, әйелі керек болады ғой. “Тұрсынбек, сен неге сондайсың?” деп күлетінмін. Өнер адамдары да ауырады. Танымал адам болған соң жұрт та алаңдады. Біз де, балалары да уайымдадық», — деді ол.

Бұған дейін Тұрсынбек Қабатов операцияның себебін бастағы қанның ұйып қалуымен түсіндірген болатын.

«Жақында басыма операция жасалды. Тромб болып, басымның “қақпағын” алып тастады. Қазір алдарыңызға жарты бас болып шығып тұрмын. Көп сөйлеп кетсем, түсіне жатарсыздар», — деген еді Қабатов.

Ұқсас жаңалықтар

Күйеуіме ақшасын өзім төлеп, екі рет Меккеге жібердім – Дариға Бадықова

Redaktor

Тамара Асар «Қазақстанның Халық әртісі» атанды

Redaktor

Нұрғали Нүсіпжанов желіде қошеметке бөленді

Redaktor

Пікір жазу