Әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқанова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында бұрынғы күйеуі, әзілкеш Тұрсынбек Қабатов туралы ашық айтты.
Айтуынша, олардың қарым-қатынасы 14 жыл бұрын оқиғалар шиеленіскеннен кейін бұзылған.
«Бір күні Тұрсынбектен СМС келді: “Сонымен не істейміз, ажырасамыз ба?” деп жазыпты. Кейін көңілдесі бар екенін білдім. Пәтер, көлік алып берген, қымбат тон, бриллиант – бәрі соның үстінде. Маған өте ауыр болды. Тіпті өмірден кеткісі келген сәттерім де болды», – деді Мұқанова.
Продюсердің сөзінше, қазіргі таңда балалары әкесін сағынып, жиі жылайды, алайда бұрынғы ерлі-зайыптылар бір-бірін әлеуметтік желілерде блоктаған.
«Балалар әкесін сағынады. Фотоға түсіп, “әкеме жібер” дейді, бірақ жібере алмаймыз. Тұрсынбекпен өткізген әдемі сәттерді сағынамын. “Кездесейік” деп те жаздым. Себебі сағынып тұрамын. Бірақ кешірім сұрап келген Тұрсынбек болған жоқ», – деді ол көзіне жас алып.
