Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Нұрғали Нүсіпжанов марқұм енесіне жүрек толқытар жазба арнады

Коллаж: turkystan.kz

Елге танымал әнші Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм енесіне арналған әсерлі жазба жариялады.

Өнер иесі жазбасында енесінің адамгершілігі мен парасатын, қазақы болмысын ерекше тебіреніспен еске алды. Оның айтуынша, марқұм ене – қара шаңырақтың киесін сақтаған, бар қазаққа сыйымды, жүрегі кең, ізгі жан болған.

«Қара шаңырақтың киесі болған ізгілік иесі еді анамыз… Жұдырықтай жүрегіне бар қазақты сыйғызған періште-анамыздың фәниден бақиға аттанғанын естіп, көңіл білдіріп жатқан өнер мен мәдениеттің, әдебиеттің алыптарына алғыс айтқым келеді», – деп жазды әнші.

Нұрғали Нүсіпжанов енесінің ақынжанды, ақылман, ар-ұжданды бәрінен биік қойған асыл тұлға болғанын атап өтті. Сондай-ақ оның артында мол мұра, өлең-жырлар қалғанын айтып, солардың бірін көпшілікке ұсынды.

Жазбада марқұм ананың баласына арнаған жүрекжарды өлеңі де келтірілген. Өлең жолдарында аналық мейірім, ақ тілек пен болашаққа деген сенім айқын сезіледі.

Әншінің бұл жазбасы желі қолданушыларының жүрегін елжіретіп, көпшілік марқұмның иманы саламат болуын тілеп, Нұрғали Нүсіпжановқа көңіл айтуда.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада қаза тапқан фельдшердің жұбайы жүрек тебірентерлік жазба жариялады

Redaktor

«Сиырға туған күн бұзауға да туады»: Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдызға қатысты пікіріне нүкте қойды

Redaktor

Мария Мудряк «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды

Redaktor

Пікір жазу