Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Роза Әлқожа құрбыларын ертіп, Оразалы мен Ажардың балаларына қамқорлық көрсетті

Танымал әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм айтыскерлер Оразалы Досбосынов пен Ажар Түзелбекқызының балаларын құшақтап, жылы лебізін арнаған сәттің видеосын жариялады.

Бейнежазбада Розаның балаларды құшақтап, маңдайынан иіскеп, аналық мейіріммен жылы сөздер айтып тұрғаны көрінеді. Әншінің бұл әрекеті жұрттың жүрегін елжіретіп, желі қолданушылары жағымды пікірлерін жаудырды.

Көпшілік Оразалының ұлы әкесіне айнымай тартқанын айтса, енді бірі Розаның жылдар бойы достарының отбасына айрықша қамқорлық танытып келе жатқанын атап өтті.

«Ұлы әкесінен айнымайды, Алла ұзақ ғұмыр берсін», «Розаның адалдығы көрініп тұр, шын достық деген осы», «Балаларының өмірі ұзақ болып, бақытты болсын», «Оразалының күлкісі мен жүрісі баласына қалған екен», — деген пікірлер бар.

Желі қолданушылары Роза Әлқожаның бұл әрекетін үлкен адамдық пен шынайы достықтың көрінісі деп бағалап, әншінің адами қасиетін ерекше атап өтті.

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай Бегейдің құдағыйының бесікке салу рәсімі желіде сынға ұшырады

Redaktor

Жеті жылға сотталған Бақытгүл Хаменованың тойдағы фотосы тарады

Redaktor

Тоқтар Серіков қалта тексеретінін мойындады

Redaktor

Пікір жазу