Белгілі әзілкеш әрі шоумен Тұрсынбек Қабатов денсаулығына байланысты 26 қазанда Өскеменде өтуі тиіс концертін кейінге қалдырды.
Кештің өтетін орны көрерменге лық толып, жұрт шамамен 40 минут бойы өнерпазды күткен. Алайда ұйымдастырушылар сахнаға шығып, концерттің сол күні өтпейтінін хабарлаған.
«Өскемен қаласының көрермендеріне үлкен рақмет! Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтам. Денсаулығыма байланысты концертті өткізу мүмкін болмады. 28 қазанда кездескенше!» – деп жазды Тұрсынбек Қабатов өзінің Instagram парақшасында.
Әзілкештің бұл жазбасынан кейін желі қолданушылары оның тезірек сауығып, сахнаға қайта оралуын тілеп, жылы пікірлер қалдырды.
