Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Шұғыл! Қабатовтың концерті кейінге шегерілді

Белгілі әзілкеш әрі шоумен Тұрсынбек Қабатов денсаулығына байланысты 26 қазанда Өскеменде өтуі тиіс концертін кейінге қалдырды.

Кештің өтетін орны көрерменге лық толып, жұрт шамамен 40 минут бойы өнерпазды күткен. Алайда ұйымдастырушылар сахнаға шығып, концерттің сол күні өтпейтінін хабарлаған.

«Өскемен қаласының көрермендеріне үлкен рақмет! Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтам. Денсаулығыма байланысты концертті өткізу мүмкін болмады. 28 қазанда кездескенше!» – деп жазды Тұрсынбек Қабатов өзінің Instagram парақшасында.

Әзілкештің бұл жазбасынан кейін желі қолданушылары оның тезірек сауығып, сахнаға қайта оралуын тілеп, жылы пікірлер қалдырды.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқтар Серіков жары Бейбіт Сейдуәлиевамен қалай танысқанын еске алды

Redaktor

«Жертөледе қайтыс болған жоқ»: Арман Дүйсеновтің әйелі композитордың өліміне қатысты алғаш рет пікір білдірді

Redaktor

Ақан Сатаевтың экс-жұбайы ажырасудың негізгі себебін алғаш рет ашық айтты

Redaktor