Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Тұңғышбай Жаманқұлов: Өз шәкіртіме ғашық болып, кейін үйлендім

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның халық әртісі, танымал театр және кино актері Тұңғышбай Жаманқұлов жеке өміріне қатысты бұрын көпшілікке айта бермеген сырын бөлісті. Өнер иесі өзінен 24 жас кіші шәкіртіне ғашық болып, онымен шаңырақ көтергенін ашық айтты.

Актердің айтуынша, болашақ жары Дәрия Әбдімәлікқызы оны еңбекқорлығы мен ой-парасаты арқылы баурап алған.

«Мен өзімнің шәкіртім Дәрияға үйлендім. Есімнен тандырған махаббат болды. Арамызда екі мүшел жас айырмашылық бар. Бірақ сезімге жас кедергі болмады. Құдайға шүкір, қазір екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отырмыз», — деді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Өнер иесі сүйіктісіне деген сезімінің кездейсоқ емес екенін де атап өтті. Оның айтуынша, алғашында әйелінің өзіне деген сыйластығы уақыт өте махаббатқа ұласқан.

«Оның еңбекқорлығына, ой-пайымына тәнті болдым. Таптаурын сөзбен айтсам, көзсіз ғашық болдым. Біз жасырын жүрмей, ашық шешім қабылдадық. Біреулер «көңілдес болып жүре бермедіңіз бе?»  деді. Мен ондай адам емеспін. Мен тек күйеу бола аламын», — деді актер.

Тұңғышбай Жаманқұлов қазіргі таңда отбасылық өміріне шүкіршілік ететінін айтады. Үлкен ұлы Мәскеуде жоғары білім алып келген, екінші ұлы тіс дәрігері мамандығында оқып жүр, ал қызы 10-сыныпта білім алуда.

Сонымен қатар актер өмірде ештеңеге кепілдік жоқ екенін де жасырмады.

«Әлі де ғашық болып қалмаймын деп кепілдік бере алмаймын. Өмір – өзгеріс», – деді ол.

Айта кетейік, Тұңғышбай Жаманқұлов пен жары Дәрия Әбдімәлікқызы – өнер мен білім саласында қатар жүрген өнегелі отбасы ретінде көпшілікке үлгі болып келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Сәкен Майғазиевтің әйелінің тойдағы образын желі қолданушылары талқыға салды

Redaktor

«Өтірік емес, ақиқат»: Эфирге амалсыз барған Индира Елемес шындықты жариялады

Redaktor

Күн сайын түрме мен аурухананың арасында жүрдім – Баян Есентаеваның үлкен қызы

Redaktor

Пікір жазу