Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Үш әйелім де мені сүйеді – Бекболат Тілеухан

Фото: әлеуметтік желі

Танымал жыршы, қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан жеке өміріне қатысты сұхбатында көпшілік қызығушылығын тудырған тақырып –  көп әйел алу мәселесіне тоқталды.

Өнер иесі үш әйелімен қарым-қатынасы туралы ашық айтып, олардың да адам ретінде қызғаныш сезімін бастан кешіретінін жасырмады.

«Олар мені қызғанбайды деп айта алмаймын. Қызғанады ғой. Үшеуі де мені сүйеді. Олар мені жек көрмейді. Тату ұстауға тырысамын. Адамзаттың эталоны — пайғамбардың әйелдері де бір-бірін қызғанған ғой. Ал кешегі советтік идеологиядан шыққан менің әйелдерім қызғанбайды деп айту — өтірік болады. Қызғанады. Бұл — біздің ішкі мәселеміз, тағдырымыз», — деді Тілеухан.

Сондай-ақ ол өзінің полигамды некесі қоғамға да, ұрпағына да зиянын тигізген жоқ деп есептейтінін айтты.

«Бір нәрсені білем: менің полигамды некемнен қазақ зиян көрген жоқ. Тілеухан әулеті де зиян шеккен жоқ», — деді ол.

Бекболат Тілеуханның бұл пікірі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, жұрт арасында түрлі пікір тудырды.

Ұқсас жаңалықтар

Төреғали Төреәлінің қайын атасы жұрттың назарын аударды

Redaktor

Асылхан Төлеповтің қарындасы екінші рет тұрмысқа шықты

Redaktor

Амилай қысым көргенін айтып, Қазақстаннан кеткенін мәлімдеді

Redaktor

Пікір жазу