Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Меруерт Түсіпбаеваның әкесі 88 жасында дүниеден өтті

Әлеуметтік желі

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаеваның әкесі Балғабай Түсіпбаев 88 жасында өмірден өтті.

Қаралы хабарды өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол әкесінің бүгін, 20 қараша күні бақилық болғанын жеткізді.

Меруерт Түсіпбаева әкесін аса ерекше сағынышпен еске алды:

«Әкем фәни жалғаннан озды. Әдетте, „88 жас деген той ғой“ деп жұбатады. Осы сөзбен келіссең де, қоштасу қандай қиын. Әкем мені төрт қызының ішінен бөліп, ерекше жақсы көрді…», – деп жазды ол.

Балғабай Түсіпбаев Баянауыл өңіріне танымал өнерпаз болған. Ол баян және домбыра аспаптарын кәсіби деңгейде меңгерген, туған аймақтың мәдениеті мен өнерінің дамуына үлес қосқан жан ретінде белгілі.

Өнер қауымы мен желі қолданушылары танымал әншіге көңіл айтып, ауыр қазаға ортақтасуда.

Ұқсас жаңалықтар

«Кеудеме өксік тығылды»: Азамат Сатыбалды Асанәлі Әшімовті есіне алды

Redaktor

«Дуалап алды»: Абай Асылхан екі баласы бар әйелге қалай үйленгенін айтты

Redaktor

10 жас кіші жігітке тұрмысқа актриса жылап қалды

Redaktor