Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Жас актрисаның Асанәлі Әшімовтің аяғын уқалап отырған видеосы тарады

Видеодан скрин

Танымал актер, қазақ өнерінің абызы Асанәлі Әшімовтің әлеуметтік желіде тараған ерекше суреті жұртшылықтың назарын аударды.

Атыраулық актриса Ажарлым Мағзұм өз парақшасында қайраткер актердің аяғын уқалап отырған сәтін жариялап, сурет астына:

«Махаббатым. Көп сөздің қажеті жоқ. Негізі Ағаның аяғына массаж жасап отырмын, өйткені ұзақ отырды күтіп», – деп жазған.

Желі қолданушылары кадрға түрлі пікір қалдырды: біреулер актрисаның құрметін жоғары бағаласа, енді біреулері мұндай сәтті жариялаудың орынды-орынсыздығын талқылап жатыр.

Ажарлым Мағзұм туралы қысқаша мәлімет

  • Қытжанова Ажарлым Мағзұмқызы, 1987 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
  • 2006 жылы Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжіне «артист» мамандығына оқуға түсті.
  • 2009 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «музыкалық артист» мамандығын тәмамдады.
  • 2013 жылдан бері М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы.

Ол театр сахнасында «Таңсұлу» спектакліндегі Таңсұлу, «Жүз жылдық махаббаттағы» Зылиха, «Сыған серенадасындағы» Сағыныш, «Қыз мұңындағы» Қарагөз, «Бейбарыс сұлтандағы» Пұлжетпес сияқты рөлдерді сомдап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Бала кезінен ән айтуға әуес актриса дәстүрлі әндерді шебер орындайды. «Корей әндерінің фестивалінде» 1-орын алған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Ажарлым Макзум (@azharlym_magzum_official)

Ұқсас жаңалықтар

Жетісайдағы трагедия: Өрттен аман қалған науқастың бірі есін жиды

Redaktor

Сәкен Майғазиевтің келіні қуанышты жаңалығын айтты

Redaktor

Нұрсұлтан Назарбаев қайын ағасы ұсталғаны хабарланды

Redaktor

Пікір жазу