Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Нұрсұлтан Назарбаев қайын ағасы ұсталғаны хабарланды

Фото: ашық дереккөздерден

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тоқалы Әсел Құрманбаеваның ағасы Айдос Есполов ұсталғаны хабарланды.

 «Айдос Есполов екі күн бұрын Астанада ҰҚК Антикоры ұстады. Есполов «Астана ЭКСПО-2017»-дегі 2,2 млрд теңгені жымқыру және пара алу ісі бойынша күдікке ілінді»,  деп хабарлады ҚазТАГ дереккөздері.

Құқық қорғау органдарына ресми сауал жіберілді.

Айдос Есполов – бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үшінші жары Әсел Құрманбаеваның туған бауыры. Ол сондай-ақ Еуразиялық технологиялық университеттің және «Alatau Asset Management Company» компаниясының құрылтайшысы.

Айта кетсек, Есполов Әсел Құрманбаеваның ағасы ғана емес, Болат Назарбаевтың қызы Гүлмира Назарбаеваның да бұрынғы жұбайы. Ол Гүлмира Назарбаеваның алғашқы некесінен туған ұлы Нұрсайын Назарбаевты асырап алған. Ерлі-зайыптылардың ортақ баласы да бар, оның аты Нұрболат.

Журналистер туыстарымен хабарласуға тырысқан. Нұрсайын Назарбаев тақырып белгілі болғанда қоңырауды үзген. Нұрболат Назарбаев жауап бермеді.

Ұқсас жаңалықтар

Тұрсын Алагөзов енді 65 жастан асқан ата-аналарға ай сайын 50 мың теңге зейнетақы төлейді

Redaktor

«Еркекті еркелету керек»: Динара Әлжанның кеңесі желіні шулатты

Redaktor

Гүлзира Айдарбекова немерелері туралы қауесетке нүкте қойды

Redaktor