Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Жетісайдағы трагедия: Өрттен аман қалған науқастың бірі есін жиды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Алғабас ауылында 12 адамның өмірін қиған қайғылы өрттен зардап шеккендердің жағдайына қатысты жаңа ақпарат берді.

Оның айтуынша, аман қалған үш адамның бірі есін жиған. Зардап шеккендердің барлығы – бір отбасының мүшелері: әкесі, анасы және олардың қыздары.

Бір науқас есін жиды. Үшеуінің де жағдайы тұрақты, бірақ әлі реанимацияда. Денсаулық сақтау министрлігі емделіп жатқан медициналық мекемемен тұрақты байланыста. Қажет болған жағдайда санавиация арқылы Астанаға көшіруге дайын, – деді Жолдасов.

Ол сондай-ақ өрттің шығу себебі әзірге анықталмағанын, бұл жөнінде нақты ақпарат тергеу аяқталған соң полиция тарапынан берілетінін атап өтті.

101 нөміріне хабар таңғы сағат 05:38-де түсті. Алты минуттан кейін өртсөндірушілер оқиға орнына жеткен. Үш адам тірідей шығарылды, өкінішке қарай, қалған 12 адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Ұқсас жаңалықтар

Жұлдыз Әбдукәрімова елден кететінін мәлімдеді

Redaktor

Асанәлі Әшімовтің ең үлкен өкініші – Сағи жайлы жан тебірентер естелік

Redaktor

Әнші Бүркіттің қарындасы өзіне қандай ер азаматтар ұнайтынын ашық айтты

Redaktor