Белгілі сазгер Арман Дүйсеновтің жары Айсұлу Айданқызы «TalkLike» бағдарламасына берген сұхбатында күйеуінің өліміне қатысты алғаш рет ашық пікір білдірді.
Оның айтуынша, композитор жертөледе емес, зауытта қайтыс болған.
Маған Калелхан Иманмәди хабарласып, «Арманның жағдайы нашар» деді және зауытқа тез жетуімізді сұрады. Не болғанын сұрағанымда, «Жедел-жәрдем келе жатыр, жылдам жетіңіздер» деп жауап берді. Зауытқа жеткенде сыртта жедел-жәрдем тұрған. Біз ұлымызбен екінші қабатқа көтерілдік, сөйтсек Арманның бетін жауып қойған екен. «Не болды?» деп сұрағанда, жүрегі тоқтап қалды деп айтты. Ол ешқандай жертөледе қайтыс болмаған, бұл тіркелген дерек, – деді Айсұлу Айданқызы.
Сазгер зауыт аумағында студия жоқ екенін де атап өтті:
«Арман бұл жерге не үшін келді? Бұл студия емес қой», – деп сұрағанымда, маған былай жауап берді: «Балалар таң намазына дәрет алды, Арман ағасының сапқа тұрмай, диванда жатып қалғанын көріпті. Оятқанда тұрмаған»», – деп түсіндірді өнер иесінің жұбайы.
