Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Рыбакинаны жеңген теннисші Уимблдонда чемпион атанды

Әлемнің 32-ракеткасы, чехиялық Барбора Крейчикова Уимблдон турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Қазақпарат. 

Чехиялық спортшы финалда әлемнің 7-ракеткасы, италиялық Ясмин Паолинимен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Чехиялық спортшы 6:2, 2:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матчта Крейчикова 6 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Паолини 3 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді.

Осылайша 2021 жылы Ролан Гарроста үздік шыққан Барбора Крейчикова екінші рет «Үлкен дулыға» жарысында жеңімпаз атанды.

Ол Уимблдонда жартылай финалда қазақстандық Елена Рыбакинаны жеңіп кеткен еді.

Ұқсас жаңалықтар

World Boxing кубогінің 2026 жылғы финалы Ташкентте өтеді

Redaktor

Қазақстандық десантшы-жауынгер әлем чемпионы атанды

Redaktor

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Redaktor

Пікір жазу