Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҰлттық спорт

Көкпардан Түркістанның командасы жеңіске жетті

Көкпардан Түркістанның командасы жеңіске жетті

Шымкентте көкпардан жастар арасындағы ХVIII Қазақстан Республикасы чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Beksports.kz.

21 мамырда басталған додада 140-қа жуық шабандоз өнер көрсетті.

Чемпионатқа Шымкент қаласы және Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Ұлытау облыстарының құрама командалары қатысты. 12 команда үш-үштен төрт топқа бөлініп, айналмалы жүйе бойынша ойнады.

Өз топтарында бірінші орынмен шыққан Түркістан мен Атырау облыстарының құрамасы жартылай финалда кездесті. Бұл тартысты ойында түркістандықтар 8:3 есебімен басым түсті. Жартылай финалға жолдама алған тағы бір жұп команда – Алматы облысы мен Шымкент қаласы құрамаларының арасындағы тартыс шымқалалықтардың пайдасына 9:3 есебімен аяқталды.

Көкпардан Түркістанның командасы жеңіске жетті

Жартылай финалдан сүрінген Атырау мен Алматы облыстарының командалары үшінші орын үшін айқасты. Нәтижесінде 4-2 есебімен 3-орын мен оның жүлдесі – 3 000 000 теңге атыраулықтарға бұйырды.

Финал Шымкент қаласы мен Түркістан облысының командалары арасында өтті. Ойынөте тартысты өтіп, есеп тек бірінші тайм аяқталар тұста ғана ашылды. Екінші таймда түркістандықтардың екінші демі ашылып,жауапсыз 2 салым салды. Есеп – 3:0. Түркістандық команда көкпардан жастар арасындағы XVIII Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды. 2-орынан көрінген Шымкент командасына – 5 000 000, ал жеңімпаз Түркістан облысының командасына 7 000 000 теңге жүлде берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Дзюдодан Қазақстан командасы Алматы облысында дайындалуда

Redaktor

Қазақстан бокс федерациясы World Boxing құрамына өтті

Redaktor

Канадалық шабуылшы биыл «Барыс» сапында ойнайды

Redaktor

Пікір жазу