Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарММА

Қазақстан құрамасы ММА-дан Азия чемпионы атанды

28 шілде мен 2 тамыз аралығында Малайзияның Куала-Лумпур қаласында GAMMA ұйымының ұйымдастыруымен аралас жекпе-жектен (ММА) Азия чемпионаты өтті.

Құрлық біріншілігіне 18 елдің үздік спортшылары қатысып, Қазақстан құрамасы ересектер арасында жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

Қазақстан Ұлттық ММА федерациясының президенті Сағындық Мекеев ұлттық құраманы тарихи жетістікпен құттықтап, бұл нәтиже елімізде аралас жекпе-жекті дамыту бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың жемісі екенін атап өтті.

«Спортшыларымыз бен жаттықтырушылар құрамын осы жарқын жеңіспен шын жүректен құттықтаймын. Бұл жолы біз жас әрі болашағынан зор үміт күттіретін спортшыларға сенім арттық. Олар сенімді толық ақтап, жоғары дайындықтарын, қайсар мінездерін және шеберліктерін көрсетті. Алда бізді бұдан да үлкен жарыстар мен жаңа жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін», – деді Сағындық Мекеев.

Сонымен қатар федерация басшысы Қазақстан Ұлттық ММА федерациясының құрметті президенті, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті Гаджи Гаджиевке қазақстандық ММА-ның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдірді.

Оның айтуынша, спортшыларға, жаттықтырушыларға және өңірлік федерацияларға көрсетіліп отырған тұрақты қолдау халықаралық аренадағы жоғары нәтижелердің берік негізін қалыптастырды.

Қазақстандық мамандардың пікірінше, Куала-Лумпурдағы табысты өнер көрсету еліміздің аралас жекпе-жек мектебінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ересектер арасындағы командалық жеңіспен қатар, барлық жас санаттарындағы жүлделер спорт резервін даярлау жүйесінің тиімділігін көрсетті.

Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы нәтижелері

Ересектер:

Алтын медаль: Жексебай Әбілмансұр (56,7 кг), Нафис Хамза (61,2 кг), Анарбек Нұрғиса (74,9 кг), Ильдар Шарипов (79,4 кг), Мансұр Шахгереев (93,0 кг).

Күміс медаль: Әли Аманғалиев (56,7 кг), Олег Пехотин (65,8 кг), Ақарыс Жұмабеков  (70,3 кг), Анас Нұркеш (79,4 кг).

Қола медаль: Сағатбек Нұрқанат (83,9 кг), Аманжол Жолтаев (83,9 кг),  Томирис Жүсіпова (47,6 кг), Аружан Жақан (52,2 кг), Айгерім Төреханова (56,7 кг).

Жастар (U-21):

Күміс медаль: Иманғали Санжар (56,7 кг), Мейірханов Альтаир (61,2 кг), Нұрланұлы Ерсайын (65,8 кг).

Қола медаль: Ордабаев Ералы (70,3 кг), Слямғали Акимғали (93,0 кг).

Жасөспірімдер (U-18):

Алтын медаль: Қартай Санжар (65,8 кг).

Күміс медаль: Тұлтаев Тамерлан (47,6 кг).

Қола медаль: Арлан Самигола (56,7 кг), Юлчиев Шахнұр (61,2 кг).

Жасөспірімдер (U-16):

Күміс медаль: Мейірман Жарылқасынов.

Қола медаль: Абдуали Талант (58 кг).

Кіші жасөспірімдер (U-14):

Алтын медаль: Мұханжанов Санжар (38 кг).

Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы жеңісі елдегі ММА спортының қарқынды дамып келе жатқанын және қазақстандық спортшылардың халықаралық аренадағы жоғары бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ендігі мақсат – алдағы халықаралық жарыстарда, соның ішінде Жапонияда өтетін Азия ойындарында ел намысын абыроймен қорғап, жанкүйерлер сенімін ақтау.

Ұқсас жаңалықтар

Головкин АҚШ-та танымал боксшылармен кездесті

Redaktor

Бүгін Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары финал жолдамасын сарапқа салады

Redaktor

Қазақ баласы Заңғар Нұрланұлы Аустралиядағы жарыстың ширек финалына шықты

Redaktor